Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

Алматыда алаяқтықпен айналысқан ресейлік азаматша ұсталды.

  • 17 Қаңтар 2020
  • 58
Фото - Caravan.kz

Тергеу нәтижесінде ол өзін балгермін деп таныстырып, қазақстандықты алдап кеткені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленуші "балгерді" сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп "сиқыр әрекеттерін" жасауды сұраған. 

"Балгер "сиқыр әрекеттерін" жасап, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін қағып кеткен", — делінген ПД хабарламасында. 


Полиция күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Бүгінде іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
 

Соңғы жаңалықтар