Ресейлік БАҚ: Қазақстан ТМД елдерін артқа тастап, әлемдегі жетекші орындардың біріне шығып отыр
![]() |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бірқатар шетелдік БАҚ-тарда Қазақстан туралы материалдар жарық көруде. «ҚазАқпарат» Ресейдің «Комсомольская правда» газетінде жарық көрген «Қазақстандық серпін: республика даму қарқыны бойынша әлемдегі үздік үштікке кіріп отыр» мақалысынан үзінді келтіріп отыр. |
«16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 21 жыл бұрын дәл осы күні Жоғарғы Кеңес тәуелсіздік және ұлттық егемендік туралы заң қабылдады», деп жазады Комсомольская правда.
Сол кезде елдің өз валютасын құруға қаражаты болмаған. Бүгінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, ел қазынасында 80 миллиард доллар шамасында байлық бар. Ал британдық бақылаушылардың бағалауынша, 21 ғасырдағы әлемнің 25 ең қарқынды экономикалары арасында Қазақстан Қытай мен Катардан кейін үшінші орын алады.
«Біз қашан да Оңтүстік-Шығыс Азияның жолбарыстарына қарап бой түзеп келдік, Оңтүстік Кореяда тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылында ЖІӨ жан басына шаққанда үш есе, Малайзияда - екі, Сингапурда - 4 есе ұлғайды, ал бізде бұл көрсеткіш 17 есе артып отыр», - дейді Н.Назарбаев.
«Қазақстан нарыққа көшуде ТМД-ның өзге елдеріне қарағанда табысты жүзеге асырды. Тәуелсіздік жылдары шағын және орта бизнес субъектілері 35 есе артты» , деп атап өтті ҚР Президенті.
Мақалада Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» міндетін қойғаны жөнінде айтылады.
Тағы бір басты фактор ретінде мақала авторы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын атап өтеді. Мұндай жетістіктерге жетудің себебі - Президенттің «Ең алдымен - экономика, содан соң - саясат» формуласы. Басымдықтарды дұрыс таңдай білу арқылы Қазақстан ТМД елдерін артқа тастап, әлемдегі жетекші орындардың біріне шығып отыр, деп жазады «Комсомольская правда».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін