Жарияланды: 530

Ресейлік эмигранттар үшін тартымдылығы жағынан Қазақстан дүниежүзінде үшінші орын иемденеді - ҚР Елбасы

Ресейлік эмигранттар үшін тартымдылығы жағынан Қазақстан дүниежүзінде АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінен кейінгі үшінші орынды иемденеді. Бүгін, 23-желтоқсанда Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімет келтірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Бұған керісінше, атап айтсақ, сол Ресейдің өзі мен Словакия тәрізді әлемнің бірқатар елінде Қазақстандық мигранттар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда",- деді президент. Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, бұл орайда еліміз азаматтарының төзімділігі, олардың басқа мәдени жағдайларға жылдам бейімделу қабілеті, төл мәдениеті мен тілін сақтай отырып жергілікті ұлттардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы ерекше бағаға ие болып отыр. "Қазақстан өркениетті ұлттық қатынастар орталығына айналды. Біздің болашаққа үлкен сеніммен қарау себебіміздің түп-тамыры да осыда жатса керек",- деді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін