Ресейлік ғалым: Кеден одағы елдеріне гуманитарлық және ғылыми интеграция қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік ғалым: Кеден одағы елдеріне гуманитарлық және ғылыми интеграция қажет

Ресейлік ғалым: Кеден одағы елдеріне гуманитарлық және ғылыми интеграция қажет

Кеден одағының елдеріне экономикалық интеграциядан басқа, гуманитарлық және ғылыми интеграция қажет, деп есептейді Ресей ғылымдар академиясының сібірлік бөлімшесінің философия және құқық институтының бас ғылыми қызметкері Ольга Нечипоренко.

  • 27 Мамыр 2011
  • 752
Фото - Caravan.kz

«Ресей, Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығының гуманитарлық және ғылыми жағы да, үзілген байланыстарды қайта жаңғырту, 3 мемлекеттің білім және ғылыми мекемелерінің байланыстарын нығайту да маңызды, өйткені әлемнің ғылыми қоғамына табысты ену интеграцияланып жатқан елдердің күш-жігерін біріктіргенде ғана мүмкін болады. Ғылым мен білімнің даму прогресі идея мен тәжірибе алмасусыз мүмкін емес», — деді О. Нечипоренкожұма күні ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Сондай-ақ, ол Кеден одағы қосымша құны жоғары кәсіпорындардың жоғалған әлеуетін қалпына келтіріп, бұрынғы өндірістік технологиялық тізбекті қайта құруға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Сондай-ақ, елдердің аса ірі транзиттің жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туады.

«Еуразия кеңістігінде алғаш рет бірыңғай кедендік кеңістік құрылып жатыр, ол 11 сағат белдеуін басып өтеді. Бұл кеңістік Еуроодақ пен Қытайдың арасындағы құрлықтағы көпір болып табылады», — деді О. Нечипоренко.

«Кеден одағының 3 елінің құрлықтағы мұнай қоры – 90 млрд баррель, біз қуат ресурстарының нарығында негізгі ойыншыға айналамыз. 3 елдің үлесіне бидайдың әлемдік экспортының 17% тиеді», — деді ол.

Ресей өкілі жаңа одақты құрудан экономикалық нәтиже 2015 жылы күтіліп отырғанын еске салды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағы 2010 жылдың 1 шілдесінде қызмет ете бастады.

Соңғы жаңалықтар