Ресейлік ғалымдар жылдамдығы жоғары ұшатын табақ құрастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік ғалымдар жылдамдығы жоғары ұшатын табақ құрастырды

Ресейлік ғалымдар жылдамдығы жоғары ұшатын табақ құрастырды

 Жедел ұшатын табақ Бифельд Браун әдісінің көмегімен  құрастырылды.

  • 12 Қазан 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бұл электр қуатының көмегімен кез келген нысанның әуеде қалқуына мүмкіндік береді.  Ғалымдар белгісіз ұшушы объектінің қозғалуы да осы әдіспен тікелей байланысты екендігін анықтады. Бұл жаңалықты 1929 жылы америкалықтар ашты деп есептеледі, кейін оны жасырған. Ресейлік ғалымдар ұшатын табақ жасау әдісін біліп, оның макетін Мәскеуде өткен NAUKA-2015 фестивалінде көрсетті.

Бұл жаңалық көлік құралдарын құрастыру саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Ұшатын табақ алып болуы мүмкін. Оның ұзындығы ондаған және жүздеген  километрге жете алады. Сонымен қатар ол бортына көп көлемде жүкті сыйдыра алады. Мәселен, диаметрі 400 километрлік табақ құрастырса, оның бортына жердің барлық тұрғынын сыйдыруға болады.

Сонымен қатар, ғалымдар бұл аппарат метеориттерді шегіндіріп, планеталарды, тіпті галактикаларды жылжыта алатынын айтады. Ұшатын табақты арнайы қарумен ғана құлатуға болады. Қозғалтқыштың жаңа жүйесі арқасында ұшатын табақпен белгілі бір жерге әдеттегіден тез жетуге болады. Мәселен Марсқа онымен бір айда ғана жетуге болады. Қазір бұл сапардың уақыты бір жылды құрайды.


Ғалымдар ұшатын табақтарды жақын арада шығара бастайтынын айтты. Өйткені оған РФ Қорғаныс министрлігі қызығушылық танытты. Бір ұшатын табақты жасау үшін шамамен үш жыл кетеді, деп жазады planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар