«Каспий проблемасына арналған арнаулы шарада сөз сөйлеген Митвольдің айтуынша, ресейлік ғалымдар Каспийдегі итбалықтар мұнай өндіруші трансұлттық корпорациялардың теңіз қайраңындағы іс-қызметі салдарынан қырылуда деп пайымдайды»,- деген РФ табиғи ресурстар министрлінінің баспасөз қызметінің хабарламасынан Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігі сөздәйек келтіреді.
Қазақстандық әріптестері О.Митвольдің мұнай өндіруші трансұлттық корпорациялардың Қазақстан аумағындағы іс-қызметін тексеру жөніндегі ұсынысын қолдады. Тексеру жүргізу жөніндегі мәселені Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жеке қарамақшы, делінген хабарламада.
Сонымен бірге О.Митволь Каспий теңізінде мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдауда бір корпусты бункерлерді пайдалануға тыйым салуды ұсынды.
«Жерорта және Балтық теңіздерінде бір корпусты бункерлерді пайдалануға тыйым салынған. Онда қауіпсіздігі жоғары екі және үш корпусты бункерлер пайдаланылады»,- деді ол.
Бұл бастаманы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының хатшылығы қарайды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.