Ресейлік ғарышкерлер ХҒС-на бидай мен қызанақ егеді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік ғарышкерлер ХҒС-на бидай мен қызанақ егеді

Ресейлік ғарышкерлер ХҒС-на бидай мен қызанақ егеді

Ресейлік ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясы бортында бидай мен қызанақ өсірмек, деп Роскосмос агенттігі хабарлады.

  • 3 Маусым 2011
  • 670
Фото - Caravan.kz

Агенттік сайтындағы ақпарға қарағанда, «ХҒС-ның ресейлік сегментінде «Өсімдіктер» атты сынақты жүзеге асырудың кезекті сатысы басталды. 28-ші экспедиция кезінде ХҒС командиріі, ғарышкер Андрей Борисенко «агрономға» айналады».

Бидай мен қызанақ тұқымы маусымның 3-інде егіледі.
«Бұл бір жағынан, ғылымға керек. Екінші жағынан экипаж мүшелеріне түсетін психологиялық жүктемені азайтуға көмектеседі. Тәжірибелі ғарышкерлердің өзі осы бақшада өсіп келе жатқан гүлдерді сағаттап тамашалауға дайын екендігін айтқан», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар