Ресейлік қыз-келіншектер 8 наурыздағы ең қажетсіз сыйлықтардың тізімін шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік қыз-келіншектер 8 наурыздағы ең қажетсіз сыйлықтардың тізімін шығарды

Ресей әйелдері өз пікірлерінше, 8 наурыздағы ең керексіз сыйлықтарды атады, деп хабарлайды осы тақырып аясында әлеуметтік зерттеулер жүргізген SuperJob сайты. Сауалнамаға әр өңірдің 18 жастан асқан 1600 тұрғыны қатысыпты. Оларға сыйлықтар тізімінен бірнеше нұсқаны таңдауға тапсырма берілген екен. Сыйлықтардың антирейтингісін 58 пайыз дауыспен арзанқол жылтырақ бұйымдар бастады. Екінші орында 42 пайыз дауыспен секс-шоптың тауарлары тұр. Ал сауалнамаға қатысушылардың 41 пайызы қолайсыз сыйлықтар тізімінің үшінші сатысына парашютпен секіруге арналған сертификатты қойған. Одан кейінгі тізімді 38 пайыз дауыспен әртүрлі кәдесыйлар мен статуэткалар жалғастырса, келесі орында тұрмыстық техника мен ас үй жиһаздары (18 пайыз), іш киім (13 пайыз), фитнес-клубқа абонемент (12 пайыз) деп кете береді. Дегенмен, зерттеушілер кейбір әйелдердің осы тізімдегі сыйлықтардың кез келген біреуін алса да, мәз болып қалатынын жасырмай айтқандығын мәлім етіп отыр.

  • 9 Наурыз 2012
  • 435
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар