И.Панариннің пікірінше, ақпараттық агенттіктің негізгі стратегиялық құжаттарын
«2006-жылы өтетін Ү Еуразиялық МедиаФорумда қарауға болар еді».
И.Панариннің пікірінше, «ЕурАзЭҚ, ТМД, Еуропалық төрттік, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастық ұйымдары» осынау қоғамдық институттың құрылтайшысы міндетін «Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Солтүстік Атлантикалық Альянс» сынды әскери-саяси құрылымдармен ынтымақтаса отырып атқара алады.
Агенттік, И.Панариннің пікірінше, «Еуразия елдері үшін дүниежүзінде оң бағытта қоғамдық пікір қалыптастыруды қамтамасыз ету, Еуразия елдеріндегі саяси элиталардың дағдарысты ахуалдарда елді тиімді басқаруы және ақпараттармен қамтамасыз етілуі мақсатында консультациялар ұйымдастырып, нұсқаулар әзірлеу — агенттік іс-қызметінің басым бағыттары болуы тиіс».