Ресейлік шекарашылар 2004-жылы Тәжікстанда 3,75 тоннадай есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік шекарашылар 2004-жылы Тәжікстанда 3,75 тоннадай есірткі тәркіледі

Ресейлік шекарашылар 2004-жылы Тәжікстанда 3,75 тоннадай есірткі тәркіледі

Ресейлік шекарашылар 2004-жылы Тәжікстанда 3,75 тоннадай есірткі, соның ішінде 2,44 тонна героин тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ Федералдық барлау қызметінің Тәжікстандағы Қызылтулы шекаралық басқармасынан хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2005
  • 315
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпаратына сәйкес, шекара бұзушылардан 334 мың доллардан астам валюта тәркіленіп, рекордты көрсеткіш тіркелді. Сондай-ақ, 27 қару мен 43 мыңдай түрлі оқ-дәрілер тәркіленді.

Өткен жылы ресейлік шекарашылар Тәжікстанда шекара бұзған 297 адамды ұстап, шекара бұзып өтуге жасалған 57 әрекетке тосқауыл қойды. «Ұйымдасқан есірткі сатушы топтардың арам пайдаға құнығуы, бұған дейінгі сауда-саттық шараларының қарызын өтеу, алтын шаймалау, қамыс пен отын дайындау — шекара бұзуға әсер етіп отырған басты себептер болмақ»,- дейді басқармадағылар.
2005-жылы Ресейлік шекарашылар Тәжікстан үкіметінің жанындағы мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитетке Мәскеу және Пянжы шекара отрядының қарамағындағы Тәжік-ауған шекара учаскелерін, әскери қалашықтар мен Душанбе гарнизоны бөлімдерінің мүліктерін өткеріп беруі тиіс. Сондай-ақ, жаңа жылда Қызылтулы шекаралық басқармасын Оперативті шекаралық топ түрінде қайтадан құру көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта