Ресейлік тағы бір теннисші Қазақстан азаматтығын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік тағы бір теннисші Қазақстан азаматтығын алды

Ресейлік тағы бір теннисші Қазақстан азаматтығын алды

ҚР Теннис федерациясы ресейлік Юлия Путинцеваның енді Қазақстан атынан сынға түсетінін жариялады.

  • 25 Мамыр 2012
  • 448
Фото - Caravan.kz


Он жеті жасар бұл спортшы Халықаралық теннис федерациясының нұсқасы бойынша жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте үшінші орында тұр. Мәскеулік Қазақстан теннис федерациясының теннисшілерге барлық жағдай отырғанын өз көзімен көріп-білген соң осындай шешімге келген көрінеді. 1995 жылы 7 қаңтарда өмірге келген ол биыл Әйелдер арасындағы теннис қауымдастығының рейтингінде 84-орында тұр. Биыл 7 мамырда Францияда «Cagnes-Sur-Mer»турнирінде жеңіске жеткен Юлия «Australian Open» турнирінде — финалда, 2011 жылы «Roland Garros» турнирінің ширек финалында, ал 2010 жылы «Wimbledon Junior», «Үлкен дулыға» турнирлерінде жартылай финалда және «US Open Junior» турнирінің финалында өнер көрсетті.