Министр осы орайда 1-қаңтардан бастап елімізде «Жарнама туралы» заң күшіне енетінін, оған сәйкес, спиртті өнімдерді жарнамалауға тыйым салынатынын ескертіп өтті. «Ендігі жерде жарнама рыногындағы ахуал өзгереді. Ресейлік телеарналарда спиртті өнімдер жарнамасына тыйым салынбағандықтан, оларды ретрансляциялау мәселесінде проблемалар туындамақ»,- деді министр.
Осыған байланысты Сауытбек Әбдірахманов «Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстан заңнамасының талаптарына бағынудан босатылмайды»,- деп ерекше атап көрсетті. » Мұндай заңды тұлғалар Қазақстандағы спиртті өнімдердің жарнамасына салынған тыйымды қамтамасыз етуі тиіс»,- деді ол.