Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстандағы спиртті өнімдердің жарнамасына салынған тыйымды қамтамасыз етуі тиіс - ҚР ақпарат министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстандағы спиртті өнімдердің жарнамасына салынған тыйымды қамтамасыз етуі тиіс - ҚР ақпарат министрі

Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстандағы спиртті өнімдердің жарнамасына салынған тыйымды қамтамасыз етуі тиіс - ҚР ақпарат министрі

Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын Қазақстан аумағына көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстандағы "Жарнама туралы" заңның талаптарын орындауға міндетті . Бүгін, 22-желтоқсанда теле және радиожиіліктерді тарату жөніндегі комиссия отырысынан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 475
Фото - Caravan.kz

Министр осы орайда 1-қаңтардан бастап елімізде «Жарнама туралы» заң күшіне енетінін, оған сәйкес, спиртті өнімдерді жарнамалауға тыйым салынатынын ескертіп өтті. «Ендігі жерде жарнама рыногындағы ахуал өзгереді. Ресейлік телеарналарда спиртті өнімдер жарнамасына тыйым салынбағандықтан, оларды ретрансляциялау мәселесінде проблемалар туындамақ»,- деді министр.

Осыған байланысты Сауытбек Әбдірахманов «Ресейлік телеарналардың бағдарламаларын көшіріп таратушы заңды тұлғалар Қазақстан заңнамасының талаптарына бағынудан босатылмайды»,- деп ерекше атап көрсетті. » Мұндай заңды тұлғалар Қазақстандағы спиртті өнімдердің жарнамасына салынған тыйымды қамтамасыз етуі тиіс»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар