Ресейлік теннисші К. Первак Қазақстан намысын қорғайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік теннисші К. Первак Қазақстан намысын қорғайтын болды

Ресейлік теннисші К. Первак Қазақстан намысын қорғайтын болды

Жасөспірімдер арасында Australian Open-2009 турнирінің жеңімпазы ресейлік теннисші Ксения Первак келесі маусымнан бастап Қазақстан намысын қорғайтын болады,

  • 23 Желтоқсан 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Eurosport.

2011 жылы 21 жасар спортшы әлемдік рейтингте 39-сатыға көтерілді. Бұл әзірше оның мансабында жеткен ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сонымен қатар ол биыл Ташкент турнирінде бірінші орын алып, өзінің спорттық жолында алғаш рет кәсіби жеңісін тойлады. Бұдан былай К.Первак Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығының сайтында жарияланған WTA рейтингісінде Қазақстан туының астында болады.

Одан бұрын Ресейден азаматтықтарын ауыстырып, Қазақстан құрамасының сапына Ярослава Шведова және Галина Воскобоева келген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера