Ресейлік тілші Нобель сыйлығын аукционға шығарып, сатып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік тілші Нобель сыйлығын аукционға шығарып, сатып жіберді

Ресейлік тілші Нобель сыйлығын аукционға шығарып, сатып жіберді

Лоттың бастапқы бағасы 550 мың долларды құраған.

Бүгінгі бәссаудадан түскен қаражаттың барлығын ЮНИСЕФ-ке береміз, - деп хабарлады Муратов аукцион басталар алдында.

Айтуынша, аталған ұйым ол қаражатты Польша, Ресей, Германия, Молдавия, Словения, Чехия мен Венгриядағы босқын балаларға көмектесуге жұмсайды.

Егер ЮНИСЕФ

  • 21 Маусым 2022
  • 758
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі бәссаудадан түскен қаражаттың барлығын ЮНИСЕФ-ке береміз, — деп хабарлады Муратов аукцион басталар алдында.

Айтуынша, аталған ұйым ол қаражатты Польша, Ресей, Германия, Молдавия, Словения, Чехия мен Венгриядағы босқын балаларға көмектесуге жұмсайды.

Егер ЮНИСЕФ сондай шешім қабылдаса және қомақты сома жинай алсақ, олар ақшаның бір бөлігін Африка мен Лаостағы босқын балаларға да береді, — деп мәлімдеді журналист.

Белгілі болғандай, бәссаудаға шығарылған Нобель медалін сатып алуға ниетті адам бірнеше минуттардан соң табылған. Телефон арқылы хабарласқан белгісіз сатып алушы бірден 103,5 млн доллар беруге әзір екенін жеткізген.

Нобель сыйлығын Дмитрий Муратов пен филиппінлдік журналист Мария Ресса 2021 жылы «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін иеленген еді. Медальді аукцион арқылы сатқысы келетін ниетін Муратов наурыз айында мәлімдеді.


 

Соңғы жаңалықтар