Жарияланды: 540

Ресейлік туристер Қырғызстанға барудан бас тартуда

Ресейлік туристер Қырғызстанға барудан бас тартуда

Ыстықкөлдегі Бостері ауылында орын алған атысқа байланысты туристік маусымға нұқсан келді, себебі ресейлік туристер онда барудан бас тартып, билеттерін кері тапсыруда, деп Қырғызстан парламентінің депутаты Ақылбек Жапаров мәлім етті, деп ҚырТАГ хабарлады.

«Мен жақында Мәскеудегі бір конференцияда болып қайттым. Ресейліктер Ыстықкөлдегі жағдайға өте алаңдаулы. Туристер Бостерідегі оқиғаға өте алаңдаулы. Ресейлік турситердің Ыстықкөлден бас тартып, билеттерін кері өткізіп жатқан фактілер бар», - деп А. Жапаров жұма күнгі ҚР парламентінің кешкі сессиясында мәлім етті. Депутат аталған мәселе бойынша республика ішкі істер министрін тыңдау қажет деп мәлімдеді. «Біз құқық қорғау орган өкілдерін парламентке шақыртып, Бостері ауылында болған оқиға туралы тыңдап шығуымыз керек. Халық арасында әр түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылуда. Мысалы, милиция қызметкерлері бизнестің осы түрімен өздері айналысу үшін рейдерлік әдіспен бір пансионаттың скутерлерін тартып алмақшы болыпты. Соның салдарынан жергілікті халық пен милиция арасында қақтығыс болыпты деп айтады. Біз осы оқиғаға қатысты барлық мәліметтерді тыңдап шығуымыз керек», - деді А. Жапаров. Парламент спикері Ахматбек Келдібаев осы оқиғаға қатысты мұқият мәлімет алу үшін ІІМ өкілдерін парламентте тыңдауға шақырту туралы парламент аппаратына тапсырма берді. Бұрын хабарланғандай, Ыстықкөл облысындағы Бостері селосында 4 шілдеде милиция қызметкерлері мен жергілікті халықарасында қақтығыс орын алып, жергілікті екі тұрғын жарақаттанды. Қақтығыс жаппай төбелеске ұласып, 400-дей тұрғын автожолды жауып тастап, биліктен қару қолданған екі милиоционерді беруін талап етті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін