Есірткі айналымына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік қызметтің қазақстандық құқық қорғау мекемелерімен бірлесе жүзеге асырған арнаулы операция барысында кеден бекетінде Қазақстаннан Ресейге бет алған КамАЗ автокөлігі ұсталды. Авткөліктен араның балын құюға арналған шелектерден 250 кило жоғарғы сапалы героин шықты. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау қызметкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанның 7 азаматын ұстады. Құқық қорғау мекемелерінің мәліметі бойынша жүк Омбыға бет алған екен. Қазір оқиға орнында шұғыл тергеу жұмыстары жүргізілуде.