Ресейлік әйел Түркия әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені сол жерге тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік әйел Түркия әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені сол жерге тастап кеткен

Ресейлік әйел Түркия әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені сол жерге тастап кеткен

Анталья әуежайының дәретханасында босанған әйел сәбиін сол жерге тастап, ұшып кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркияның Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

  • 15 Қазан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Басылымның жазуынша, Анталья халықаралық әуежайындағы дәретханада жатқан нәрестені тазалаушы әйел тапты. Бала тірі болып шықты.

«Баланың анасы бақылау камералары арқылы жедел түрде анықталды. Ол Мәскеуге ұшатын рейске тіркеуден өту үшін кезекте тұрған Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері дәретханадан табылған сәбидің анасын небары 12 минутта тапты. Әйелдің дәретханада туып, Ресей астанасына билеттерді рәсімдеуге асыққаны анықталды», — деп жазды басылым.

Қазір ол құрбысымен бірге ұсталды. Босанған әйелмен бірге болған тағы бір Ресей азаматын полиция ұстады.

Басылым нақтылағандай, баланың жағдайы жақсы. Оны дәрігерлер тексеріп, күтім жасау үшін жергілікті ауруханаға орналастырды.