"Ресейлік болсаңыз Путинді қолдайтын едіңіз, ол Ресейді күшті ел қыламын деп жанталасып жатыр" - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресейлік болсаңыз Путинді қолдайтын едіңіз, ол Ресейді күшті ел қыламын деп жанталасып жатыр" - Ахметбек Нұрсила

"Ресейлік болсаңыз Путинді қолдайтын едіңіз, ол Ресейді күшті ел қыламын деп жанталасып жатыр" - Ахметбек Нұрсила

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин туралы ойымен бөлісті.

  • 21 Ақпан
  • 280
Adyrna.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сіз Америкалық болсаңыз Трампты қолдайтын едіңіз, өйткені ол Американы күшті мемлекет қыламын деп жанталасып жатыр. Сіз Ресейлік болсаңыз Путинді қолдайтын едіңіз, өйткен ол Ресейді күшті ел қыламын деп жанталасып жатыр.

Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деген әңгіме айтайын деп отырғам жоқ. Табиғаттың заңдылығы: Кез келген жан иесі тірі қалуға ұмтылады, ол үшін басқаларды құрту керек болса құртады, өсімдіктердің де әрекеті сол: күштілер жеңеді, әлсізді қанайды, өлтіреді

Сондықтан ананы, мынаны кінәлап, анау оңбаған, мынау сұрқия деп, айғайлап қуатыңды құртқаннан, біреуге қалай жем болмаудың амалын істеу керек!

Біз елді жамандап, боқтап, қарғағаннан басқа не істеп жатырмыз???», — деп жазды кәсіпкер.