Ресми Астана Испания королінің сапарын күтіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресми Астана Испания королінің сапарын күтіп отыр

Ресми Астана Испания королінің сапарын күтіп отыр

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға Испания королі сапармен келеді деп күтіп отыр, делінген Ақ орданың ақпаратында.

  • 17 Маусым 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Сізден кейін (Испания премьер-министрі–ҚазТАГ) ұлы мәртебелі король келеді деп үміттенемін. Ол өзін жақсы сезінеді деп үміттенемін. Біз оның сапарын күтеміз. Сіздің келгеніңіз керемет», — деп мәлім еткен мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сөздері президенттің баспасөз қызметі оның Испания Корольдігі үкіметінің төрағасы Хосе Луис Сапатеромен кездесуінен кейін Ақ орда ресми сайтында жариялаған ақпаратында келтіріліп отыр.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Испания Корольдігі үкіметінің төрағасы Хосе Луис Сапатеромен кездесті. Ақ ордадағы ресми рәсімнен кейін келіссөз өтті. (Тараптар– ҚазТАГ)екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Испания үкіметінің басшысы өзімен бірге іскер сала өкілдерінің тобын ертіп әкелген.

«Сіздердіңбіздің премьер-министрмен бірге жеке меншік компаниялармен кездескендеріңізді білемін. Олар бүгін жұмыс істейді және келісімшарттарға қол қойып, көптеген келісімдерге келеді деп ойлаймын. Біз биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар бойы қарым-қатынастарымыз жақсы болды. Қазір экономикалық ынтымақтастықты көтеру керек», — дедіН.Назарбаев.

Испанияның премьер-министріН.Назарбаевқа«ұлы мәртебелінің жылы сәлемін» және екіжақты экономикалық, сауда байланыстарын кеңейту ниетін жеткізді.

«… Энергетика секторында, инженерия, инфрақұрылым, телекоммуникация салаларында, аса тиімді секторларда бірлескен кәсіпорындар ашу керек. Өнімді экономика, инновациялық экономика өсетіндеу етіп, өсімнің қаржылық өсіммен ғана анықталуына жол бермеу керек», — деді мейман.

Соңғы жаңалықтар