Ресми Астана Өзбекстанда қамауда отырған 12 туристің ісіне қатысты Ташкентке нота жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресми Астана Өзбекстанда қамауда отырған 12 туристің ісіне қатысты Ташкентке нота жіберді

Ресми Астана Өзбекстанда қамауда отырған 12 туристің ісіне қатысты Ташкентке нота жіберді

Бүгін ресми Астана Өзбекстанда қамауда отырған қазақстандық 12 туристің ісіне байланысты Ташкентке арнайы нота жіберді. Онда Қазақстан елшілігі Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінен біздің альпинистерді тұтқындай отырып, осы күнге дейін не себепті хабар бермегендерін сұраған. Өзбек билігі қазір қазақстандық саяхатшыларға “шекараны заңсыз кесті” және “контрабандалық жолмен қару тасымалдады” деген екі бірдей айып тағып отыр.

  • 29 Шiлде 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадан бастап Сайран шыңын тамашалауға кеткен 12 альпинистке іздеу салынған еді. Алайда кеше олардың 15-шілдеден бері Ташкентте қамауда жатқаны анықталды. Көрші ел шекарашыларының айтуынша, құрамында 9 жеткіншек бар топтың бірінің сөмкесінен винтовка табылған. Әрі заңсыз шекараны кесіп өтіпті. Осыған байланысты қазір екі ел арасында келіссөздер жүргізілуде. Бірақ альпинистердің ата-аналары, Өзбекстан жағы балалардың әрқайсысының жеке бостандығы үшін 1 миллион сомнан айыппұл талап етіп жатқандарын айтады. Бұл шамамен 80 мың теңге.      


Ілияс Омаров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Қазіргі уақытта Өзбекстан тарапынан хат жүзінде рұқсат берілді. Туыстарымен жүздесуге. Ал жасөспірімдер 30-шілдеге дейін босатылады деп отыр. Ересектер жағының мәселесі қаралуда. Біздің ойымызша, жақын арада оның шешемі табылып қалуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар