Респонденттер соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Респонденттер соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті

Респонденттер соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті

«Тұтынушылардың сезіну индексі» 2013 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда төмендеді және (+15)% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

  • 14 Қараша 2013
  • 488
Фото - Caravan.kz

2013 жылғы қазанда респонденттердің 28%-ы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сол уақытта респонденттердің 13%-ы жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

«Экономикалық ахуал индексі» өткен аймен салыстырғанда төмендеді және (+15)% құрады. Респонденттердің үштен бірінен азы (28%) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 12%-ы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді.

«Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа көтерілді және (+15)% құрады. 2013 жылғы қазанда респонденттердің үштен бірінен азы (28%) жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын, сонымен бірге, респонденттердің 14%-ы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.


Респонденттердің 8%-ның пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 9%-ы оған қарама-қарсы пікірді алға тартуда. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай жинақ сомасының өсуі мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 18%-ы атап өтсе, 20%-ы оның кемитінін айтты.