Жарияланды: 430

Республика аумағында «Кендір-2011» кең ауқымды операциясы өткізіліп жатыр

Республика аумағында «Кендір-2011» кең ауқымды операциясы өткізіліп жатыр. Бұл шара жыл сайын маусымнан бастап қазан айы аралығында өткізіледі.

Операцияның басты мақсаты - Шу алқабынан есірткі дайындау, сондай-ақ шығару арналарын анықтау және жолын кесу, барлық өңірлерде «ауғандық» есірткілердің трафигі арналарын жою, есірткі бизнесіне маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың (қоғамдастықтардың) қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты іс-шараларды жүргізу болып табылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу және операцияға басшылық етуді жүзеге асыру үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің құрамынан ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің базасында Жедел штаб құрылды. Ағымдағы жылдың 20 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті басшылығының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының бастықтарының қатысуымен операцияны ашу жөнінде нұсқамалық кеңес өткізілді. Жамбыл облысына «Кендiр - 2011» операциясын өткізу кезеңінде марихуананы жинау және әкету, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің жолын кесу, есірткі контрабандасы фактілерін анықтау мақсатында басқа өңірлердегі ішкі істер органдарынан ай сайын 50 қызметкерден қосымша жіберілуде. Жамбыл облысының негізгі магистральді тас жолдарында қосымша бекеттер ашылды, жергілікті автомобиль жолдары мен құмды аймақтар мобильдік топтармен күзетіледі. Операцияны өткізу кезеңінде арнайы дайындалған қызметтік-іздестіру иттері кеңінен пайдаланылады. Қарасора жабайы өсетін орындарды және есірткіні дайындау фактілерін анықтау мақсатында Жамбыл облысының ІІД «Дельта-Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері апта сайын «Ан-2» ұшағымен және «Ми-2» тікұшағымен Шу алқабын бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар операцияға ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің әуе күштері тартылған. «Кендір-2011» операциясының алғашқы 20 күнінде «Дельта-Долина» ӨЕБҚКб-нің қызметкерлері және іссапарға жіберілген қызметкерлер заңсыз айналымнан 2,9 тоннадан астам марихуана алды. Еліміздің басқа өңірлерінде де белсенді жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-20 маусымы аралығында 283 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 125 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 4,3 тонна есірткі, оның ішінде 14,5 кг героин алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін