Жарияланды: 570

Республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында алға қойған жалпымемлекеттік алдын алу жүйесін құру жөніндегі міндеттерге сәйкес,

сондай-ақ жол полициясы қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясымен бірлесе отырып, 2011 жылғы 16 маусымда еліміздің әрбір өңірінде «Жолда қабылдау» кезекті акциясын өткізеді. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан халқына Президенттің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу, азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсету жоспарлануда. Павлодар облысына шыға отырып, Жол полициясы комитеті басшылығының, «Нұр Отан» ХДП мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің тұрғындармен кездесулері, азаматтарды қабылдаулары жүргізілетін болады. Акцияны өткізу кезеңінде жол полициясы қызметкерлері заңдылық пен олардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша азаматтармен сауалнама жүргізітілетін болады. Ағымдағы жылдың наурыз айында ІІМ Жол полициясы комитеті «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, Жамбыл облысының Сарыкемер және Меркі аудан орталықтарында акция ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар республикамыздың барлық өңірлерінде өткізілді. Барлығы акцияға 6,5 мыңнан астам адам қатысты, олардан 1728 өтініштер түсіп, оның көп бөлігі (1602) қанағаттандырылды. Жол полициясы комитеті мен жол полициясы өңірлік басқармалары басшыларының, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдерінің жеке қабылдауында 368 азаматтар қабылданып, 95%-дан астам (351) өтініштер қанағаттандырылды. Тұрғындар жол полициясының қызметі туралы оң баға бергенін, жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде арыздар түспегенін жалпы атап өту қажет. Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен осындай іс-шараларды өткізу одан әрі де жалғасын табады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін