Жарияланды: 560

«Республика» басылымының материалдары «Азат» газетіне жарияланды

«Республика» басылымының материалдары «Азат» газетіне жарияланды

Алматы сотының шешімімен жұмысын тоқтатқан «Республика» басылымының материалдары «Азат» газетінде жарияланды.

«Голос республики» басылымының журналистері соттың «Республика» деген атауы бар бірқатар газеттерге тыйым салғанына қарамастан6 бүгін газетті «қағазға» басып шығарды. Сауда нүктелеріне түскен газеттің жаңа саны басқаша аталады: редакция материалдарды «Азат» газетіне жариялады», - делінген редакцияның жұма күнгі хабарламасында. Журналистер дерегіне қарағанда, кезінде жазушы-журналист Батырхан Дәрімбет негізін қалаған «Азат» басылымы қаржы болмағандықтан біраздан бері шықпай қалған болатын. «Бүгінде қайта тірілген «Азат» газеті Батырхан Дәрімбеттің ғана емес, «Республиканың» дәстүрлерін жалғастыруға көшті», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін