Жарияланды: 330

«Республика» басылымының жұма күнгі саны оқырман қолына тиді

«Республика» басылымының жұма күнгі саны оқырман қолына тиді

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының ұйғарымына қарамастан оппозициялық «Республика» басылымының жаңа саны сатылымға шықты.

«Бір қызығы, бүгінгі тиражымызды тұтқындаған жоқ. Бірақ, сот ұйғарымы қолға тигеннен кейін біз тираждың тәркіленетініне күмәнданбаған едік», - деп жұма күнгі баспасөз мәслихатында басылымның бас редакторы Татьяна Трубачева мәлім етті. Ал, заңгер Сергей Уткин газеттің бүгінгі санының тұтқынға алынбау себебін былай деп түсіндірді: «Сот ұйғарымы өткен шаққа таралмайды. (...) Газеттің бұл саны ұйғарым шыққанға дейін басылып өқойды, келесі санын шығару мүмкін емес», - деп атап өтті ол. Сәрсенбі күні Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Алматы прокурорларының 8 газет пен 23 интернет-басылымды, «Республика» және «Взгляд» басылымдары мен олардың интернет-ресурстарын, шетелдік К+ және StanKZ телеарналарын жабу туралы шағым түсіргенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, аталған шағымдар әлеуметтік алауыздық тудырып, билікті күштеп құлатуға шақырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құру ісіне жетекшілік етті деп айыпталған «Алға» партиясы жетекшісі Владимир Козлов, Серік Сапарғали мен Ақжанат Әминовке қатысты сот үкімінің күшіне енуіне байланысты жазылып отыр. Ал, бейсенбі күні Медеу аудандық соты «Республика» басылымын тоқтату туралы ұйғарымын жариялады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін