Республика бойынша 3222 түлек «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика бойынша 3222 түлек «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді

Республика бойынша 3222 түлек «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді

Республика бойынша 3222 түлек «Алтын белгіге» лайық екендігін дәлелдеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

  • 13 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру жоғары деңгейде өтті. Заң бұзушылық болғанда біз оны жылдағыдай жасырған жоқпыз, халыққа ашық айтып отырдық. Соның ішінде ерекше айтып кететін жағдай Жаңақорғанда болған оқиғада біз балаларға түсіндіріп айттық. Бұл жерде заң бұзушылық бар, сондықтан қайтадан тест тапсырасыздар дедім. Бірінші рет тапсырғанда 505 баланың орташа балы 107 болса, ал екінші рет тапсырғанда олардың орташа балы 80-ді құрады», — деді министр.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы 129 мыңнан астам бала тест тапсыруға өтініш берсе, соның 3 мыңнан астамы сынаққа қатыспаған.

Сондай-ақ ағымдағы жылы 5 мыңнан астам түлектің «Алтын белгіге» үміткер болғандығын айта келе: «Сол үміткерлердің Ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін 3222-сі өзінің «Алтын белгі» ала алатындығын дәлелдеді. Мың баланың сынақ нәтижесінде «Алтын белгіге» 1 ғана балы жетпей қалды», — деді ол.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, аталған түлектерге қызыл атестат беріледі.

Соңғы жаңалықтар