Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.