Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атлантикалық циклон және фронталды бөліктер арқылы ҚР батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон сілемі күннің жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.