Республика мектептерінде ақша жинаған мұғалімдер жазаға тартылады - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика мектептерінде ақша жинаған мұғалімдер жазаға тартылады - ҚР БҒМ

Республика мектептерінде ақша жинаған мұғалімдер жазаға тартылады - ҚР БҒМ

Астана мектептерінде бітіру кештері қарсаңында ақша жиналып жатқан жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 15 Мамыр 2017
  • 689
Фото - Caravan.kz

"2016-2017 оқу жылының басында республиканың барлық мектебінде, соның ішінде Астана мектептерінде қаражат жинауға тыйым салу туралы бұйрық шықты. Бұл бұйрықты барлық мектеп жетекшілері мен мұғалімдер орындауы тиіс. Бұл бұйрықты орындамағандар әкімшілік жазаға тартылады", — деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов ОКҚ брифингінде.

Ол аттестат тапсыру бойынша салтанатты бітіру кештері мектеп қабырғасында өтуі тиіс екенін еске салды. 

"Сондықтан министрлік барлық бітіру кеші мектеп қабырғасында өткізуге кеңес береді. Министрлік осыған байланысты барлық мектепке жадынана жолдады. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақши жиналып жатқан жоқ", — деді ҚР БҒМ өкілі.

Оның айтуынша, мектептерде ақша жинау дерегі анықталған жағдайда Білім және ғылым министрлігіне хабарласу керек. "Баспасөз қызметіне, бізге хат жазуыңызға немесе телефон соғуларыңызға болады. Қаланың, аудандардың білім басқармаларына хабарласып, осындай дерек тіркелген жағдайда, айналысамыз", — деді Жүнісов.