Жарияланды: 290

Республика өңірлерінде жер үйлерде болған өрттер бес ер адамның өмірін қиды

Кеше сағат 02.33-те Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында екі пәтерлі жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

Жалын бір жарым сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ үш шаршы метрді құрады. Өрт орнында ер адамның мүрделері табылды. Сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауылында сағат 13.20-да тағы бір жекеменшік тұрғын үй жалынға орана бастады. Өрт ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының күшімен жарты сағатта ауыздықталды. Тілсіз жау үш шаршы метрге тарады. Құтқарушылар оқиға орнында 45 және 48 жастардағы екі ер адамның мәйіттерін тапты. 19 желтоқсан сағат 23.12-де Батыс Қазақстан облысының Рубежинское кентіндегі жер үйде ірі өрт болды. Ол келесі күні сағат 07.42-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. 78 шаршы метр аумаққа тараған өрт орнында 62 және 36 жастардағы екі ер адамның денелері табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін