Республика өңірлерінде жер үйлерде болған өрттер бес ер адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика өңірлерінде жер үйлерде болған өрттер бес ер адамның өмірін қиды

Республика өңірлерінде жер үйлерде болған өрттер бес ер адамның өмірін қиды

Кеше сағат 02.33-те Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында екі пәтерлі жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 277
Фото - Caravan.kz

Жалын бір жарым сағаттан кейін сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ үш шаршы метрді құрады. Өрт орнында ер адамның мүрделері табылды.

Сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауылында сағат 13.20-да тағы бір жекеменшік тұрғын үй жалынға орана бастады. Өрт ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының күшімен жарты сағатта ауыздықталды. Тілсіз жау үш шаршы метрге тарады. Құтқарушылар оқиға орнында 45 және 48 жастардағы екі ер адамның мәйіттерін тапты.

19 желтоқсан сағат 23.12-де Батыс Қазақстан облысының Рубежинское кентіндегі жер үйде ірі өрт болды. Ол келесі күні сағат 07.42-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. 78 шаршы метр аумаққа тараған өрт орнында 62 және 36 жастардағы екі ер адамның денелері табылды.