Республика парламенті Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика парламенті Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Республика парламенті Египетпен арадағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 18-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар өзара әуе қатынасы туралы Қазақстан-Египет үкіметаралық келісімін бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 308
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты — екі мемлекет аумағы арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалау болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш келісімнің 2-бабына сәйкес тараптардың әуе компаниялары белгіленген бағыт бойынша авиажелілерді пайдалануда бірқатар құқыққа ие болады. Атап айтсақ, екінші елдің аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, көрсетілген аумақта коммерциялық емес мақсатпен аялдауға, сондай-ақ, екінші елдің аумағында уақытша аялдап, халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушы, пошта және жүктерді бортқа тиеп алуға немесе түсіруге құқық беріледі.
Келісімге 2001-жылдың 11-қарашасында Каирде қол қойылған.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта