Республика парламенті лицензиялы іс-қызмет түрлерін азайтуға бағытталған заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика парламенті лицензиялы іс-қызмет түрлерін азайтуға бағытталған заңды қабылдады

Республика парламенті лицензиялы іс-қызмет түрлерін азайтуға бағытталған заңды қабылдады

Бүгін, 23-наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензия беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулерді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан. Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

  • 23 Наурыз 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулер нұсқау және редакциялау сипатында және олар жоба нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Сергеу Бояркин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты — лицензия беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, заң жобасы бойынша кәсіпкерлік іс-қызметтің 23 түрі мен 20 ішкі түрге міндетті лицензия беру тәртібін алып тастау ұсынылған. Осындай қызмет түрлерінің арасында адвокаттық қызметке байланыссыз ақылы заңгерлік қызмет көрсету, жиҺанкездерге қызмет көрсету, өлшем құралдарын тексеру, азаматтық әуе кемелерін қабылдау және шығару, азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қол жүк пен жүктерді буып-түю тәрізді түрлер бар.

Перейти к новостям спорта