Республика парламенті "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы" келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика парламенті "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы" келісімді бекітті

Республика парламенті "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы" келісімді бекітті

Бүгін, 16-қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 499
Фото - Caravan.kz

Келісімге 2003-жылдың қыркүйек айында қол қойылған.

Құжат бойынша АҚШ жағы Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстанның жазбаша келісімінсіз Халықаралық Қылмыстық Соттың билігіне өткерілмейтіндігі туралы кепілдік береді. Қазақстан да АҚШ азаматтарына қатысты осындай міндеттеме жүктейді.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта