Республика парламенті "Құнды қағаздар туралы" заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика парламенті "Құнды қағаздар туралы" заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Республика парламенті "Құнды қағаздар туралы" заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 6-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Бағалы қағаздар рыногы туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту үшін жасалған. Құжатта инфрақұрылымдық облигациялар деген жаңа ұғым енгізіліп, оның шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі айқындалып, бағалы қағазды шығару, биржада сату, оның айналымы мен өтеу барысында туындайтын қарым-қатынастар реттеледі.
Сенаторлар тарапынан енгізілген түзетулер заң жобасын заңгерлік техника талаптарымен сәйкестендіруге бағытталған. Палата отырысында мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалиновтың атап көрсеткеніндей, сенаторлардың түзетулері «заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпей-ақ мәтінін жетілдіре түседі».

Перейти к новостям спорта