Республика парламенті валюталық реттеу туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика парламенті валюталық реттеу туралы заңды қабылдады

Республика парламенті валюталық реттеу туралы заңды қабылдады

Бүгін, 19-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Валюталық реттеу және валюталық бақылау жөніндегі" заң жобасының жекелеген баптары бойынша парламент палаталары арасындағы пікір қайшылығын еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсынысымен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2005
  • 449
Фото - Caravan.kz

Қабылданған түзетулерге сәйкес, «резидент және резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы аумағынан 10 мың АҚШ долларынан артық көлемде қолма-қол шетел валютасын шығарған жағдайда республиканың кеден мекемелеріне 10 мың доллардан артылған ақшаның шығу тегінің заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды көрсетуі тиіс. Шетелдерге шығарылатын валютаның заңдылығын дәлелдейтін құжаттардың тізімін ҚР Ұлттық банкі бекітеді».

Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып , мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Ал отырысқа қатысқан ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Гүлбану Айманбетова палатаның бұл шешіміне келіспеушілік білдірді. «Ақшаның шығу тегінің заңдылығы деген ұғым бірде-бір заңда нақтыланбаған»,- деді ол. Г.Айманбетованың пікірінше, «заңда қолма-қол шетел валютасын республикадан тысқары шығаруға рұқсат беретін құжаттардың толық тізімі көрсетілуі тиіс». Ұлттық банк төрағасының орынбасары парламент қабылдаған нұсқа «кеденде сыбайлас жемқорлықтың белең алуына жол ашады».
Журналистерге берген сұхбатында Г.Айманбетова «бұл заңға президент вето қоюы мүмкін» деген пікір білдірді.

Перейти к новостям спорта