Бірлескен отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, үкімет мүшелері, президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков пен ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов қатысуда.
Отырысқа сенаттың 30, мәжілістің 73 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен отырыстың күн тәртібінде сессияны ашу және Конституциялық кеңестің кейбір мүшелері мен кейбір депутаттардан ант қабылдау межеленген.