«2005-жылғы республикалық бюджетте аталмыш трансферттер түріне 2 млрд. теңге қарастырылған»,- деді Д.Оразалинов. Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен облыстық әкімшіліктер мен Алматы және Астана қалалық әкімдіктерінен 70 млн. теңгенің өтемақысын бөлуге өтініштер келіп түсті.
«Қалалық телекоммуниациялық желілердің абоненті болып табылатын әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындардың телефон үшін төлейтін абоненттік төлемақысын өтеп беру ережелері ҚР үкіметінің қаулысымен 2004-жылы бекітілген»,- деді Д.Оразалинов. «Қаулыға сәйкес, аталмыш трансферт түрлерінің операторы болып ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі бекітілген»,- деді ол.
2004-жылдың ІҮ тоқсанында осы бап бойынша жергілікті бюджеттерге 12 млн. теңге аударылды.