Республика үкімет басшысы экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді

Республика үкімет басшысы экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2006
  • 338
Фото - Caravan.kz



«Қазір елімізде экономиканың қызыну белгілері мен инфляцияның арта түсу ағымы айқын байқалып отыр»,- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, осыған байланысты «Қазақстан экономикасының қызынуына әсер етуі мүмкін себептер мен индикаторларға талдау жасайтын жұмыс тобын құру қажет».

«Жұмыс тобы экономиканың қызыну құбылысын еңсеру шараларының кешенін анықтауға тиіс. Бұл топ ай сайын үкіметтің отырысында есеп беру арқылы жүйелі жұмысты жолға қоюға тиіс»,- деді Д.Ахметов.

Осыған байланысты ол экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне жұмыс тобының құрамын бір аптада айқындауға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта