Үкімет басшысы жиналғандарды ҚР президентінің Шалбай Құлмахановты ҚР төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындау жөніндегі жарлығымен таныстырды. Д.Ахметов Ш.Құлмахановтың басқаруымен ҚР төтенше жағдайлар министрлігі сапалық жаңаша деңгейге көтеріледі дегенге сенім білдірді. Өз кезегінде Ш.Құлмаханов Елбасы алға қойған міндеттерді шешуге бар күші мен біліктілігін жұмсайтынын атап өтті.