Республика үкімет басшысы үкіметтің жанынан бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құруды тапсырды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы үкіметтің жанынан бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құруды тапсырды (толық нұсқасы)

Республика үкімет басшысы үкіметтің жанынан бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құруды тапсырды (толық нұсқасы)

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметтің жанынан бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құруды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 665
Фото - Caravan.kz

«Мен бүгін бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Ол қағаз жүзінде бар болғанымен, әзірге өмірде жұмыс істеп отырған жоқ. Ол үкіметтен 2-3 адам, жеке меншік сектордан 6 адамнан, барлығы 9 жуық адамнан құралған ықшамды кеңес болуға тиіс. Шағын және орта бизнес жөніндегі комиссия секілді. Ол шағын ғана болғанымен, осы айларда қаншама шешім қабылданды. Кеңесті құрумен Ө.Шүкеев айналысады», -деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының пікірінше, «Бәсекелестік туралы» заң ойдағыдай дәйектелген, оған қатысты жиынтық пікір бар. «Бәсекелестік туралы» заңды 26 тамызға дейін толықтыра дайындап, үкіметтің отырысына енгізу қажет», — деді ол.

Бұған дейін осы дөңгелек үстелде ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М. Есенбаев «аталған заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау және бизнестің инвестициялық белсенділігі мен кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасау болып табылатынын» еске салды. «Жобаның міндеті монополиялық қызметтің алдын алу, әділетсіз бәсекелестікке тосқауыл қою, экономикак салаларындағы монополияны жою, еркін бәсекелестікті қамтамасыз ету және тұтынушылардың заңды құқығын қорғауға саяды», — деді ол.

Заң жобасының басты жаңалықтары — мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу негіздері мен қатысу түрлерінің тізімі, отанлық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілетінің көтерілуіне алып келетін келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге баруға болатындығы, әділетті бәсекелестік принциптерін айқындау болмақ. Заң жобасы сонымен бірге әділетсіз бәсекелестіктің түрлерін кеңейте түседі. Бұл М. Есенбаевтың пікірінше, «аталған бәсекелестікке кереғар құбылысты дәлелдеу мен оның алдын тиімді алуға мүмкіндік береді».

«Заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі — өзінің іс-әрекетімен өкінгендігін дәлелдеген жағдайда бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысушыларды жауапкершіліктен босату болып табылады», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар