Республика үкімет басшысы Жапонияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы Жапонияға барады

Республика үкімет басшысы Жапонияға барады

Бүгін, 1-маусымда өткен ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов пен Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзакидің кездесуі барысында республика үкімет басшысының Жапонияға сапарының жай-жапсары талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында сонымен бірге екі елдің түрлі экономикалық салалардағы, техникалық ынтымақтастық саласындағы, білім беру және ғылым, бірлескен Қазақстан-Жапония жобаларын жүзеге асыру салаларындағы болашақ ықпалдастығы туралы мәселелер талқыланды.

«Еліміз Жапониямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдете нығайтуға дайын»,- деді Д.Ахметов.
Бүгінде Қазақстан мен Жапония арасында етене жақын ықпалдастық орнап, тауар айналымыынң көлемі арта түсуде, бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылуда,- деді үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта