Республика үкіметі 2004-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі 2004-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті мақұлдады

Республика үкіметі 2004-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті мақұлдады

Бүгін, 26-сәуірде Қазақстан үкіметі 2004-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті мақұлдап, оны парламентке жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

ҚР қаржы министрі Арман Дунаевтың айтуынша, 2004-жылғы бюджет түсімдері жоспардағымен салыстырғанда 104,7% немесе 978,4 млрд. теңге болды. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 98,9% немесе 995,6 млрд. теңгені құрады. Бюджет тапшылығы Жалпы Ішкі Өнімге шаққанда 0,3% немесе 17,3 млрд. теңге болды.

А.Дунаевтың мәліметі бойынша, игерілмей қалған бюджет қаржысы 31,3 млрд. теңгені, соның ішінде «бюджет қаржысын үнеумеу және түрлі обьективті себептерге байланысты» игерілмей қалған қаржы көлемі 16 млрд. теңгеге жетті. 2004-жылы Қаржы министрлігі 5,7 млрд. теңге, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 5,1 млрд. теңге, ҚР Қорғаныс министрлігі 3,4 млрд. теңге, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 4,4 млрд. теңге, ҚР индустрия және сауда министрлігі 2,8 млрд. теңгені игерген жоқ.
«Кейбір министрліктерде қаржының игерілмей қалуына обьективті себептер түрткі болды»,- деді А.Дунаев. Оның айтуынша, Қаржы министрлігі игере алмаған қаржының 95 проценті «берешектерді қайтаруға байланысты кросскурстардың өзгерісіне» байланысты болмақ. «Біз келесі жылғы бюджет жобасын жасауда бұл деректерді міндетті түрде ескеретін боламыз»,- деді министр.
«Жалпы алғанда мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың орындалуына қанағаттанарлық деген баға беруге болады»,- деді А.Дунаев. Сонымен бірге министрдің пайымдауынша, бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін қазіргідей жылдың аяғында емес, тоқсан сайын бағалаған жөн. «Осындай жағдайда ғана үкімет тиісті түзетулер енгізе алады»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта