Республика үкіметі 2005-2007-жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі 2005-2007-жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады

Республика үкіметі 2005-2007-жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады

Республика үкіметі бүгін, 25-тамызда Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-қызметті дамытудың 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 25 Тамыз 2004
  • 388
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың отырыста атап көрсеткеніндей, «бұл бағдарламаны қабылдау арқылы біз даму фәлсафасын түбегейлі өзгертіп, оза ілгерілеу шараларының идеологиясына ден қоямыз». Бұл бағдарламаны «аса маңызды құжат» деп атаған үкімет басшысы «бағдарламаға қатысты қаржылық мәселелердің түгелдей 2005-жылғы бюджетте көрініс тапқанына» қанағаттанғандық білдірді. «Ол біздің орта мерзімді фискалдық саясатымызда да өзіндік орнын табады дегееге кәміл сенемін»,- деді Д.Ахметов.

Бағдарламаны таныстырған ҚР білім және ғылым министрі «ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға, республикамыздың экономикалық , әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуына ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану арқылы түрткі болатын ғарыштық іс -қызметті дамыту — бағдарламаның басты мақсаты» деп атап көрсетті.
Бағдарлама ғарыштық іс-қызметтерді жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған 8 блоктан тұрады. Соның ішінде «Ғарыштық аппараттарды басқару және ұшыру мүмкіндіктерін» атауға болады. «Бағдарламаның «Ғарыштық аппараттар» және «Ғарыш аппараттарын ұшыру және басқаруға арналған жер үстіндегі инфрақұрылымды дамыту» атты блоктары жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған». Оларды жүзеге асыру Қазақстанға түрлі мақсаттағы жер серіктерінің құрамдас бөліктері мен аппаратураларын өндіруге тікелей атсалысуға, ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің жер бетіндегі ғарыштық инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,- деді Ж.Күлекеев. Басқа блоктар аясында «байланыс, телевидение, навигация, жерді қашықтан зонд арқылы тексеру, эколоүиялық мониторинг, радииациялық қауіпсіздік, карта жасау т.б міндеттер шешіледі». Бұған қоса бағдарламада мамандар дайындау, құқықтық-нормативтік база мен ғылыми-білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелерін де назардан тыс қалмаған.
«Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанның ғарышты игерген алпауыт мелмекеттер санатына қосылуына жасалған ауқымды қадам болмақ»,- деді Ж.Күлекеев.
Министрдің хабарлауынша, «бағдарламаны жүзеге асыруға үш жылда 47,2 млрд. теңге жұмсалмақ». «ҚазСат» ғарыштық аппаратын жасау және оны ұшырауға, «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құруға жұмсалатын қаржы көлемі 41,2 млрд. теңгені құрайды. Ал ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамаыз етуге арналған шығын 5,7 млрд. теңгеге бағаланған.

Перейти к новостям спорта