Үкімет басшысының бұйрығымен президенттің тапсырмаларын орындауға байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлеуші жұмыс тобы құрылып, оған «барлық министрлердің орынбасарлары мен агенттік басшылары енді». 19-ақпанда құрылған жұмыс тобын үкімет басшысы кеңсесінің жетекшісі Алтай Тілеубердин басқарады.
Бүгінгі үкімет отырысында да президенттің тапсырмаларын орындауға байланысты іс-шаралар жоспары қаралады. Д.Ахметов іс-шаралар жоспарын жасу барысында «үкімет қаржы жағынан жолдау аясынан шығып кетпеуше шақырды». Өйткені, ондай жағдайда «ағымдағы жылға арналан бюджетті қайтадан қарауға тура келмек».