Республика үкіметі 2005-жылы халықтың басым бөлігінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмасын орындай алған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі 2005-жылы халықтың басым бөлігінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмасын орындай алған жоқ

Республика үкіметі 2005-жылы халықтың басым бөлігінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмасын орындай алған жоқ

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкіметі 2005-жылы халықтың басым бөлігінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмасын орындай алған жоқ. Бұл туралы кеше Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев 2005-жылғы республикалы бюджеттің орындалуы туралы баяндама бойынша мәжілістің жұмыс тобының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Мамыр 2006
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Халықтың басым бөлігінің баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі проблема шешілген жоқ, тұрғын үй құны мен азаматтардың кірісі арасында біршама айырмашылық бар»,- деді О.Өксікбаев.

Есеп комитетінің есептемесінде атап көрсетілгеніндей, 2005-жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ына ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқығын сатып арқылы екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге бөлінген. Оның 1,4 млрд. теңгесі ғана (22,3 проценті) тұрғын үй несиелерін сатып алуға жұмсалған. Бұған қоса «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ «1,9 млрд. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын Ұлттық банкке депозит ретінде салған, 1,9 млрд. теңгеге мемлекеттік құнды қағаздар сатып алған, 2,2 млрд. теңгені РЕПО операцияларына бағыттаған». «Осындай жағдай «Тұрғын үй жинақ ақша банкі» АҚ мен «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қорына» қатысты да байқалып отыр»,- делінген есепте.

«Есеп комитетінің анықтағанындай, үкімет пен жергілікті атқарушы билік мекемелері тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір ауданда тұрғын үй салудың техника-экономикалық негіздемелерін, құрылыс әлеуетін, тұрғындардың төлемдік қабілетін, сондай-ақ, баспанаға деген сұранысты тиісті деңгейде зерттемеген». Атап айтсақ, есепке сәйкес, тұрғын үйлерді құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты және мердігерлер тарапынан сапасыз материалдар пайдалануға қатысты ескертулерді жоймастан пайдалануға беру және оны қабылдап алу деректері анықталды.

Есеп комитетінің атап көрсетуінше, 2006-жылдың 7-наурызындағы жағдаймен мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық тұрғын үйге несие алуға 40 мың өтініш берілген, соның ішінен 18 мың сатып алушы төлемдік қабілеті бар деп танылған.

«Үкімет, жергілікті атқарушы билік органдары мен қаржылық институттар 2005-жылы тұрғын үй құны мен тұрғындардың кірісі арасындағы айырмашылықты азайтуды қамтамасыз ете алмады. Соның салдарынан халықтың басым бөлігі баспанаға қол жеткізе алмай отыр»,- делінген есепте.

Перейти к новостям спорта