Республика үкіметі аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын 2010-жылы толық шешуді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын 2010-жылы толық шешуді көздеп отыр

Республика үкіметі аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын 2010-жылы толық шешуді көздеп отыр

Республика үкіметі аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын 2010-жылы толық шешуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Атшабаров мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2005
  • 477
Фото - Caravan.kz

Н.Атшабаровтың айтуынша, республика аймақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы «Ауыз су» атты салалық бағдарлама аясында шешіледі. Қазір бағдарламаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Н.Атшабаровтың айтуынша, ауыз су сапасына қатысты қиындықтарды шешу үшін шетелдік қарыздар мен гранттар тарту қажет. «Бізге қаржылай қарыз емес, су дайындау және оның сапасын арттыруға қатысты озық технологиялар бірінші кезекте қажет»,- деді ол.
«Ауыз су» атты салалық бағдарлама Қазақстанда 2002-жылдан бері жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 2010-жылы еліміздегі барлық 7660 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Перейти к новостям спорта