Республика үкіметі аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін баланың санына қарай арттырып отыруды көздейтін бағдарлама жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін  баланың санына қарай арттырып отыруды көздейтін бағдарлама жобасын жасады

Республика үкіметі аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін баланың санына қарай арттырып отыруды көздейтін бағдарлама жобасын жасады

Таяу уақытта әлеуметтік қамту саласын қаржыландыру мәселесі үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 520
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы қатысушылар есіне зейнетақы мен әртүрлі деңгейдегі жәрдемақының көлемін нақты анықтау мәселесі президенттің тапсырмасы болып табылатынын, тіпті әр теңгені санау қажеттігін салып өтті.

Талқылау барысында зейнетақы, әртүрлі жәрдемақы көлемі анықталып, біржолғы атаулы көмек әлеуметтік қорғалған азаматтарға кезең-кезеңімен индексацияланып, топ және категория бойынша беріледі. Сонымен қатар Даниал Ахметов дүниеге келген балаға арналған жәрдемақыны мемлекет анаға сыйақы ретінде беруі керектігін айтты. Сондай-ақ, бала тууды ынталандыру және елімізде демографиялық жағдайды жақсарту үшін әрбір бала дүниеге келген сайын сыйыақы көлемі арта түсуі тиіс.
Үкімет басшысы алға қойылған міндетті шешу үшін демографиялық процессті ынталандыру жөніндегі шаралар қарастырылған бағдарлама әзірленуі қажеттігіне тоқталды.
Кеңес соңында үкімет басшысы тиісті құрылымдарға бір апта ішінде зейнеатқы мен жәрдемақы көлемін есептеп шығарып, жақын уақытта Үкіметте талқылау үшін барлық қажетті құжаттарды мұқият дайындауды тапсырды.