Республика үкіметі Астанадағы транпорттық проблемаларды шешу жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған бағдарламаны тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі Астанадағы транпорттық проблемаларды шешу жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған бағдарламаны тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады

Республика үкіметі Астанадағы транпорттық проблемаларды шешу жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған бағдарламаны тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады

Республика үкіметі Астанадағы транпорттық проблемаларды шешу жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған бағдарламаны тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады. Бүгін, 21-желтоқсанда Астанада өткен кезекті үкімет отырысында осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Қала көшелерінде ығы-жығы болып қалатын көліктер көбейіп, бұл салада қиындықтар арта түскеніне баршамыз куәміз. Сол себепті аталмыш бағдарламаның қажеттігі күмән тудырмаса керек»,- деді үкімет басшысы Даниал Ахметов. Оның айтуынша, бағдарламаға 65 млрд. теңге қажет. «ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін бұл сан қорқыта қояды деп ойламаймын. Өйткені, оны 6 жылға таратар болсақ, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ 9 млрд. теңге болады»,- деді Д.Ахметов. «Бұл Астанадағы жолдарды жөндеуге қазіргі жұмсалып отырған шығынмен парапар»,- деді үкімет басшысы.

Республика үкімет басшысы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне қалалық әкімшілікпен бірлесе отырып Астанадағы транпорттық проблемаларды шешу жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған бағдарламаны жалпы Астананы дамытуға арналған 2006-2010-жылғы бағдарламаның құрамды бөлігіне айналдырып, оған дайындық жұмыстарын пәрмендендіру арқылы бағдарламаның техника-экономикалық негіздемесін таяу уақыттарда әзірлеуді тапсырды.
Астана әкімі Өзірзақ Шүкеев таныстырған бағдарлама жобасында жол салу, Астанада баламалы көлік түрлерін қолданысқа енгізу, автокөлік паркингі жүйесін дамыту, автобус және троллейбус паркін жаңалау, жолдарды жөндеуге арналған құрылыс материалдары өндірісін дамыту қарастырылған. «Бағдарламаны жүзеге асыру қала ішіндегі көлік ағынын дұрыс реттеуге мүмкіндік береді»,- деді Ө.Шүкеев.
Астана қалалық әкімшілігінің мәліметі бойынша, 2000-2004-жылдар аралығында қалада тіркелген көліктер саны 38 мыңнан 90 мыңға дейін артты. Соның салдарынан қаладағы маңызды жол тораптары аз көлемге есептелгеніне қарамастан, тәулігіне 26 мыңнан 42 мыңға дейін көлік өткізуде, деді қала әкімі.

Перейти к новостям спорта